Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған: Түркия Украинада бейбітшілік орнатуға жәрдемдесуге дайын

© AFP 2024 / ADEM ALTANРеджеп Тайип Эрдоган
Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
Анкара Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге өз үлесін қосуға дайын
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Бішкекте Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу барысында Анкараның Украинада бейбітшілік орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді.
"Түркия біздің өңірдегі қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, біз де, Путин мырза да Ресей мен Украина арасындағы соғыстың мүмкіндігінше тезірек бейбіт жолмен аяқталғанын қалаймыз. Біз Ресей мен Украина арасында бейбіт келіссөздер үдерісі тезірек басталып, аймақта бейбітшілік орнайды деп үміттенеміз. Біз Путин мырзаға бейбітшілік орнату үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайын екенімізді айттық", – деді Түркия басшысы.
Стамбул - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Түркия Украина бойынша келіссөзді қысқа мерзімде ұйымдастыруға дайын
Жаңалықтар
0