https://sputnik.kz/20260902/adam-aurukhanaga-tusse-tuystaryna-sms-zhiberiledi--zhana-qyzmet-iske-qosyldy-66322577.html
Адам ауруханаға түссе, туыстарына SMS жіберіледі – жаңа қызмет іске қосылды
Адам ауруханаға түссе, туыстарына SMS жіберіледі – жаңа қызмет іске қосылды
Sputnik Қазақстан
СМС алатын адам 18 жастан асқан және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуға тиіс 02.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-02T21:22+0500
2026-09-02T21:22+0500
2026-09-02T21:22+0500
науқас
sms
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_0:0:2885:1623_1920x0_80_0_0_697d27ae71b3c57c83a45c04f1669e25.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында шұғыл емдеуге жатқызу туралы хабарлама жіберетін жаңа тегін сервис іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Жаңа сервис бойынша адам жол апатына түскен немесе басқа да себеппен ауруханаға жатқызылған жағдайда, жақындарына өз бетінше хабарласа алмаса, оның емдеуге жатқызылғаны туралы хабарлама жақын туыстарына жіберіледі.Ол үшін eGov порталында "Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу" қызметі іске қосылды. Бұл қызмет арқылы хабарлама жіберілетін үш сенімді адамды көрсетуге болады.Қызметті қосу тәртібі:Порталда көрсетілетін адам 18 жастан асқан және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуға тиіс. Сонымен қатар ол қызметке қосылуға өз келісімін беруі керек."Сервис жақын адамдардың пациенттің жағдайы туралы ақпаратты неғұрлым жедел алуына және пациентпен немесе медициналық ұйыммен дер кезінде байланысуына мүмкіндік беру мақсатында құрылды", – дейді министрлік мамандары.
https://sputnik.kz/20190904/End-zeynetkerlkke-SMS-aryly-shyua-bolady-11437738.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_318:0:2482:1623_1920x0_80_0_0_d9fafcbd026c85578dddd0f3c7493879.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
науқас, sms
Адам ауруханаға түссе, туыстарына SMS жіберіледі – жаңа қызмет іске қосылды
СМС алатын адам 18 жастан асқан және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуға тиіс
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында шұғыл емдеуге жатқызу туралы хабарлама жіберетін жаңа тегін сервис іске қосылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа сервис бойынша адам жол апатына түскен немесе басқа да себеппен ауруханаға жатқызылған жағдайда, жақындарына өз бетінше хабарласа алмаса, оның емдеуге жатқызылғаны туралы хабарлама жақын туыстарына жіберіледі.
Ол үшін eGov порталында "Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу" қызметі іске қосылды. Бұл қызмет арқылы хабарлама жіберілетін үш сенімді адамды көрсетуге болады.
порталға авторизациядан өту;
"Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу" қызметін таңдау;
сенім білдірілген адамның ЖСН-ын көрсету.
Порталда көрсетілетін адам 18 жастан асқан және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуға тиіс. Сонымен қатар ол қызметке қосылуға өз келісімін беруі керек.
"Сервис жақын адамдардың пациенттің жағдайы туралы ақпаратты неғұрлым жедел алуына және пациентпен немесе медициналық ұйыммен дер кезінде байланысуына мүмкіндік беру мақсатында құрылды", – дейді министрлік мамандары.