Жетісу облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

© Photo : Stefan SchweihoferПредупреждающий знак на дороге. Архивное фото
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысып, 6 адам көз жұмды. Тағы бір адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция.
Қайғылы оқиға "Сарыөзек – Көктал" автожолының 110-шақырымында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазақстандық бойжеткен Анталияда жол апатынан қаза болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Қазақстандық бойжеткен Анталияда жол апатынан қаза болды
Жаңалықтар
0