Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина үкіметі бюджет қаражатын қатаң үнемдеуге көшеді

© REUTERS REUTERS / Ukrinform via ZUMA Press Wire/Danylo AntoniukСергей Корецкий
Сергей Корецкий  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Әрбір гривнаны барынша тиімді әрі үнемді жұмсау қағидаты басшылыққа алынбақ
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Украина үкіметі қорғанысқа қатысы жоқ бюджет қаражатын қатаң үнемдеуге көшеді. Бұл туралы ел премьер-министрі Сергей Корецкий мәлімдеді.
"Үкімет қорғаныс қажеттіліктеріне арналмаған бюджет қаражатын қатаң үнемдеу режимін енгізеді. 2027 жылға арналған бюджетті әзірлеу кезінде де бюджеттегі әрбір гривнаны барынша тиімді әрі үнемді жұмсау қағидатын басшылыққа алуымыз керек", – деді Корецкий Жоғарғы Рададағы сөзінде.
Оның айтуынша, Украина үкіметі қорғаныс саласына бағыттауды жоспарлап отырған 70 млрд гривна (1,57 млрд доллар) қаражатты қазірдің өзінде тауып қойған.
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина төрт жылда сырттан шамамен 200 млрд доллар қаржы алды
Жаңалықтар
0