https://sputnik.kz/20260901/turkistan-oblysynda-mal-sharuashylygy-shikizatyn-teren-ondeytin-kasiporyn-iske-qosylady-66259973.html
Түркістан облысында мал шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін кәсіпорын іске қосылады
Түркістан облысында мал шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін кәсіпорын іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Алғашқы кезеңде 2,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 30 тұрақты жұмыс орны ашылды 01.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-01T09:54+0500
2026-09-01T09:54+0500
2026-09-01T09:54+0500
түркістан облысы
ауыл шаруашылығы
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e5/09/11/18159592_0:38:1281:758_1920x0_80_0_0_57cebeafea1a5c8b78d74b3d57d38a66.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. 🔹Түркістан облысында мал шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Жобаның жалпы инвестиция көлемі 9 млрд теңген. Алғашқы кезеңде 2,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 30 тұрақты жұмыс орны ашылды.Кәсіпорынның бірінші кезегін ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, негізгі технологиялық жабдықтар орнатылды.Жобаның өңір үшін маңызы зор, дейді министрлікте. Ол мал шаруашылығы шикізатын өңдеудің толыққанды өндірістік тізбегін қалыптастырады. Бұған дейін негізінен өндіріс қалдығы ретінде қарастырылған сүйектер енді қосылған құны жоғары өнім өндіруге қажетті шикізат ретінде пайдаланылатын болады.Өндірісті одан әрі дамыту аясында инвестор шығарылатын өнім түрлерін кеңейту мәселесін де пысықтап жатыр. Атап айтқанда, мал сүйектерінен ыдыс-аяқ, жемшөп және басқа да өнімдер өндіру мүмкіндігі қарастырылуда.
https://sputnik.kz/20260828/turkistan-oblysynda-zhylyna-50-myn-tonna-maqta-mayyn-ondeytin-zhana-zauyt-iske-qosylady-66191315.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/11/18159592_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_236c0f170fec32354e826c4c6192c444.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ауыл шаруашылығы, өндіріс
түркістан облысы, ауыл шаруашылығы, өндіріс
Түркістан облысында мал шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін кәсіпорын іске қосылады
Алғашқы кезеңде 2,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 30 тұрақты жұмыс орны ашылды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. 🔹Түркістан облысында мал шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Кәсіпорын мал сүйектерін, оның ішінде жергілікті бордақылау алаңдарынан жеткізілетін шикізатты терең өңдеуге маманданатын болады. Өндірістік қуаты жылына 5 мың тоннаға дейін май және желатин өнімдерін өндіруге жол ашады", - деп жазылған хабарламада.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі 9 млрд теңген. Алғашқы кезеңде 2,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 30 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Кәсіпорынның бірінші кезегін ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, негізгі технологиялық жабдықтар орнатылды.
Жобаның өңір үшін маңызы зор, дейді министрлікте. Ол мал шаруашылығы шикізатын өңдеудің толыққанды өндірістік тізбегін қалыптастырады. Бұған дейін негізінен өндіріс қалдығы ретінде қарастырылған сүйектер енді қосылған құны жоғары өнім өндіруге қажетті шикізат ретінде пайдаланылатын болады.
Өндірісті одан әрі дамыту аясында инвестор шығарылатын өнім түрлерін кеңейту мәселесін де пысықтап жатыр. Атап айтқанда, мал сүйектерінен ыдыс-аяқ, жемшөп және басқа да өнімдер өндіру мүмкіндігі қарастырылуда.