Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан мен Өзбекстан президенттері
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру табысты еселеп, екі ел игілігі жолында қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа биікке бастайтынына сенім білдірді
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент ұлттың ынтымақ-бірлігін, орнықты даму мен ілгерілеу жолындағы нық қадамын айшықтайтын бұл мереке өзбек халқының мерейін асқақтата түсетінін айтты.
"Қазақстан халқы бауырлас Өзбекстанның жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз ғасырлардан тамыр тартатын достықты, тату көршілік пен халықтарымыздың арасындағы өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Сан қырлы ынтымақтастығымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына сай бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді. Бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру табыстарымызды еселеп, елдеріміздің игілігі жолында қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа биікке бастайтынына сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Тоқаев Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0