Шығыс экономикалық форумында амур жолбарысының болат мүсіні таныстырылды

© Photo : Росконгресс қорыШығыс экономикалық форумында амур жолбарысының болат мүсіні таныстырылды
Шығыс экономикалық форумында амур жолбарысының болат мүсіні таныстырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Форум аясындағы отырыстарда табиғатты қорғау және амур жолбарысының популяциясын сақтау мәселелері талқыланады
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Шығыс экономикалық форумында салмағы 550 келі болатын амур жолбарысының болат мүсіні таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Санкт-Петербург шеберлері бұл ерекше мүсінді "Болат Қызыл кітабы" жобасы аясында арнайы соққан.
Форум аяқталған соң 550 келілік болат жолбарыс Приморье өлкесіндегі "Бикин" ұлттық саябағына жеткізіледі.
Шығыс экономикалық форумының бірқатар сессиясында табиғатты қорғау және амур жолбарысының популяциясын сақтау мәселелері талқыланады.
Айта кетері, Шығыс экономикалық форумы (ШЭФ) 1-4 қыркүйек аралығында Владивостокта өтеді.
4 Амур жолбарысы  Іле-Балқаш' қорығына жіберілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
"Іле-Балқаш" қорығына 4 Амур жолбарысы жіберілді
Жаңалықтар
0