Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7%-ға дейін артты

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Шымкент мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Ел ішінде терең өңдеу шикізатты тікелей экспорттаудан тиімдірек болып жатыр
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7%-ға дейін артты, деп хабарлады үкімет.
Осы жылдың жеті айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 9%-ға артып, 18,8 трлн теңгеге жетті.
"Жалпы өнеркәсіптік өндірістегі өңдеу үлесі алғаш рет тау-кен секторынан асып түсті, яғни 45,8%-ға қарсы 46,7%. Экономиканың шикізатқа тәуелділігі азайды: ел ішінде терең өңдеу шикізатты тікелей экспорттаудан тиімдірек болып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Ал машина жасау 22%-ға артты. Өндіріс көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті, жеті айда 96 мыңнан астам автомобиль шығарылды. KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing компанияларының толық циклді зауыттарының іске қосылуы шиналар, аккумуляторлар, орындықтар және мультимедиялық жүйелер сынды жанама өндірістің дамуына серпін берді.
Үкімет хабарлауынша, 2026 жылы 200 индустриялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
"Олардың 84-і қазірдің өзінде іске қосылып, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жобалық қуатына шыққаннан кейін олар жыл сайын 1,5 трлн теңгенің өнімін өндіре алады, оның үштен бірі экспортқа бағытталады", - дейді үкіметте.
Арнайы экономикалық аймақтарға 11,1 трлн теңге инвестиция тартылды. Соның ішінде, 18 арнайы экономикалық аймақтың аумағында 577 жоба жүзеге асырылып, 39 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Резиденттері бюджетке 865,4 млрд теңге салық аударды. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекеттік шығындардан асып түсті.
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
Су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
Жаңалықтар
0