Некені ұзарту қажеттігі туралы жалған хабарлама тарап жатыр

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Әділет министрлігі некені қайта тіркеу немесе оның мерзімін ұзарту қажет емес емес екенін ескертті
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде некені ұзарту қажеттігі туралы алаяқтық сипаттағы жалған хабарлама таралып жатыр, деп хабарлады Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Оның айтуынша, Қазақстанның неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі жоқ. Сондықтан некені қайта тіркеу немесе оның мерзімін ұзарту қажет емес.
"Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ заңда көзделген басқа жағдайларда да неке тоқтатылады. Неке тек тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен бұзылады", - деп түсіндірді Талғат Уәли.
Осыған байланысты Әділет министрлігі азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Үйлену - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2026
Қазақстандағы әрбір екінші неке ажырасумен аяқталып жатыр
Жаңалықтар
0