Алматыда көліктерден шығатын зиянды заттардың мөлшері тексеріледі

Виды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Автокөлік иесі аккредиттелген станцияда бірден екі рәсімнен – шығарындыны тексеру және міндетті техникалық байқаудан өте алады
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. 1 қыркүйектен бастап Алматыда бензинмен, газбен және дизель отынымен жүретін автокөліктер экологиялық нормативтерге сәйкестігін анықтау үшін техникалық тексеруден өтуге тиіс. Бұл туралы A-parking мамандары мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Бұл тексеру міндетті техникалық байқаудың құрамдас бөлігі емес, жеке рәсім болып саналады. Оның барысында автокөліктердің шығарындысы өлшенеді: бензин және газбен жүретін көліктердің пайдаланылған газының уыттылығы, ал дизельді көліктердің түтін шығару деңгейі тексеріледі. Тексеру ҚР СТ 1433-2023 ұлттық стандартына сәйкес жүргізіледі.
"Техникалық тексеруден мерзімінен бұрын өтудің қажеті жоқ. Жаңа талап кезекті міндетті техникалық байқау мерзімі 1 қыркүйектен кейін келетін автокөліктерге ғана қолданылады", – дейді мамандар.
Егер автокөлік биыл 1 қыркүйекке дейін техникалық байқаудан өткен болса, берілген құжат белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. Сондықтан техникалық байқаудан қайта өтудің немесе осы мерзімге дейін экологиялық тексеруден өтудің қажеті жоқ.
Міндетті техникалық байқаудан бұрынғыдай кез келген қолданыстағы техникалық байқау орталығында өтуге болады. Ал шығарынды деңгейі қажетті жабдықпен қамтылған аккредиттелген станцияларда ғана өлшенеді.
Бұл ретте автокөлік иесі аккредиттелген станцияда бірден екі рәсімнен – шығарындыны тексеру және міндетті техникалық байқаудан өте алады.
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Алматыда әр төртінші көліктің зиянды қалдықтары нормадан асатыны анықталды
Жаңалықтар
0