https://sputnik.kz/20260831/qazaqstandagy-ekinshi-przhevalskiy-zhylqysy-qulyndady-66224219.html
Қазақстандағы екінші Пржевальский жылқысы құлындады
Қазақстандағы екінші Пржевальский жылқысы құлындады
Sputnik Қазақстан
Бұл жолы Умбра есімді бие құлындады 31.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-31T10:36+0500
2026-08-31T10:36+0500
2026-08-31T10:38+0500
жылқы
экология
министрлік
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1f/66223704_0:198:576:522_1920x0_80_0_0_984713834497cca2625de5d5fdfe10fe.png
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанда кертағының, яғни Пржевальский жылқысының екінші құлыны дүниеге келді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.Бұл жолы Умбра есімді бие құлындады.Бұл — кертағыны тарихи мекеніне қайтару жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында Қазақстанда туған екінші төл. Алғашқы құлын 2026 жылғы 22 тамызда "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы "Әліби" жабайы тұяқты жануарларды реинтродукциялау орталығында дүниеге келген болатын.Екінші төлдің дүниеге келуі Қазақстанға әкелінген кертағылардың дала жағдайына бейімделіп, табиғи жолмен көбейіп жатқанын көрсетеді. Бұл алдағы уақытта табиғи ортада өздігінен көбейетін тұрақты популяция қалыптастыру үшін маңызды.Кертағыны Қазақстанға әкелу 2024 жылы басталды. Алғашқы жылы Еуропадан жеті жылқы жеткізілді. 2025 жылы тағы жеті, 2026 жылы сегіз жылқы әкелінді.
https://sputnik.kz/20260822/ortalyq-qazaqstanda-przhevalskiy-zhylqysynyn-algashqy-qulyny-duniege-keldi--65947609.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1f/66223704_0:144:576:576_1920x0_80_0_0_8af57392240f7739d915f3232cd7c59a.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы , экология, министрлік
жылқы , экология, министрлік
Қазақстандағы екінші Пржевальский жылқысы құлындады
10:36 31.08.2026 (жаңартылды: 10:38 31.08.2026) Бұл жолы Умбра есімді бие құлындады
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанда кертағының, яғни Пржевальский жылқысының екінші құлыны дүниеге келді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Бұл жолы Умбра есімді бие құлындады.
"Қазір Умбра мен құлын бірге. Мамандар олардың жағдайы мен мінез-құлқын бақылап отыр", - дейді министрлікте.
Бұл — кертағыны тарихи мекеніне қайтару жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында Қазақстанда туған екінші төл. Алғашқы құлын 2026 жылғы 22 тамызда "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы "Әліби" жабайы тұяқты жануарларды реинтродукциялау орталығында дүниеге келген болатын.
Екінші төлдің дүниеге келуі Қазақстанға әкелінген кертағылардың дала жағдайына бейімделіп, табиғи жолмен көбейіп жатқанын көрсетеді. Бұл алдағы уақытта табиғи ортада өздігінен көбейетін тұрақты популяция қалыптастыру үшін маңызды.
Кертағыны Қазақстанға әкелу 2024 жылы басталды. Алғашқы жылы Еуропадан жеті жылқы жеткізілді. 2025 жылы тағы жеті, 2026 жылы сегіз жылқы әкелінді.