сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Олжас Бектенов президентке уәде берді

© Sputnik / Александр Миридонов / Медиабанкке өтуОлжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалған Олжас Бектенов бірқатар маңызды міндеттерді орындауға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Құрылтай депутаттары премьер-министр лауазысына ұсынылған Олжас Бектеновтың кандидатурасын қолдады. Осыдан кейін Бектеновтың өзі мінберге шығып, алдымен президентке екінші рет үкімет басшысы лауазымына тағайындағаны үшін алғыс айтты. Премьер алдағы маңызды міндеттерді де атады.
"Президент мырза, жыл қорытындысы бойынша кемінде 5 пайыз деңгейінде өсуін қамтамасыз етеміз. Бұл орайда азаматтарды белсенді жұмыспен қамту арқылы олардың табысының өсуін ынталандыра отырып, инфляцияның деңгейін төмендетеміз", - деді Бектенов.
Осы орайда премьер республика бойынша маңызды жобалардың құрылысы басталғанын ерекше атап өтті. Үкімет ауқымды инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салады.
"2026 жыл сіз жариялағандай цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып белгіленді. Тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Эконмиканың барлық саласында цифрлық трансформация жалғасын табады. Сонымен қатар, "Заң мен Тәртіп" қағидаты үкімет жұмысының басты бағдарының бірі болады", - деді үкімет басшысы.
Жаңалықтар
0