Ақтаудан Ыстанбұлға әуе рейстері қатынайды

© Photo : Пресс-служба FlyArystanFlyArystan ұшағы
FlyArystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Жазылу
Рейстер тұрақты негізде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Ақтаудан Ыстанбұлға қатынайтын рейстер қайта жанданады, деп хабарлайды FlyArystan.
FlyArystan әуе компаниясы "Ақтау – Ыстанбұл" бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады. Ақтаудан алғашқы рейс 22 қазанда орындалады. 27 қазаннан бастап рейстер тұрақты негізде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.
"Сейсенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:40-та ұшып, Ыстанбұлға сағат 10:35-те жетеді. Кері рейс Ыстанбұлдан сағат 11:40-та ұшып, Ақтауға сағат 17:05-те қонады. Сенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:35-те ұшып, Ыстанбұлға сағат 10:30-да келеді. Кері рейс Ыстанбұлдан сағат 11:15-те ұшып, Ақтауға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:40-та қонады", - дейді әуе компаниясында.
Бұған дейін әуе компаниясы "Ақтау – Ереван – Ақтау" бағыты бойынша тікелей рейстердің қайта жанданатынын хабарлаған болатын. Армения астанасына рейстер 16 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады.
Қазіргі уақытта FlyArystan халықаралық бғыттағы әуе рейстері Ақтаудан Кутаиси, Баку, Дубай, Батуми және Үрімшіге ұшады.
FlyArystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
FlyArystan Арменияға тікелей рейстерді қайта іске қосады
Жаңалықтар
0