https://sputnik.kz/20260830/qazaqstandyq-shakhterler-kasibi-merekesin-atap-otip-zhatyr-66209767.html
Қазақстандық шахтерлер кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Қазақстандық шахтерлер кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Тамыздың соңғы жексенбісінде шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді 30.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-30T11:17+0500
2026-08-30T11:17+0500
2026-08-30T11:17+0500
шахтерлер
мереке
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0a/49176245_64:286:820:711_1920x0_80_0_0_e9b7d5722b2993327db78c1f7984abdf.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде Қазақстанда құрметті де күрделі мамандық иелері – шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, еліміздің тау-кен өндіру саласында 145 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұлар – жер асты шахталары, кеніштер мен ашық карьерлердегі жұмысшылар.Шахтерлерді әлеуметтік қолдау аясында жасына және еңбек еткен жылдарына байланысты бұрын тағайындалған зейнетақылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға арттырылды."Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді", - делінген министрлік хабарламасында.Қолдаудың қосымша шаралары кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында көзделген. Мемлекет тарапынан сала ардагерлеріне де әлеуметтік қолдау шаралары мен жеңілдіктер ұсынылады. Олардың жалпы саны 13 мыңнан асады, оның ішінде 400-ден астамы – "Шахтер даңқы" белгісінің толық кавалерлері.
https://sputnik.kz/20240102/endi-shakhterler-arnauly-aleumettik-tolem-alady-40923174.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0a/49176245_166:0:1114:711_1920x0_80_0_0_7f68a9d5ed01169c08c579b9ef776765.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахтерлер, мереке
Қазақстандық шахтерлер кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Тамыздың соңғы жексенбісінде шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде Қазақстанда құрметті де күрделі мамандық иелері – шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, еліміздің тау-кен өндіру саласында 145 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұлар – жер асты шахталары, кеніштер мен ашық карьерлердегі жұмысшылар.
Шахтерлерді әлеуметтік қолдау аясында жасына және еңбек еткен жылдарына байланысты бұрын тағайындалған зейнетақылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға арттырылды.
"Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді", - делінген министрлік хабарламасында.
Қолдаудың қосымша шаралары кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында көзделген. Мемлекет тарапынан сала ардагерлеріне де әлеуметтік қолдау шаралары мен жеңілдіктер ұсынылады. Олардың жалпы саны 13 мыңнан асады, оның ішінде 400-ден астамы – "Шахтер даңқы" белгісінің толық кавалерлері.