https://sputnik.kz/20260830/qaragandyda-250-myn-adam-zhinalgan-kontsertte-185-bala-adasyp-qaldy-66210969.html
Қарағандыда 250 мың адам жиналған концертте 185 бала адасып қалды
Қарағандыда 250 мың адам жиналған концертте 185 бала адасып қалды
Sputnik Қазақстан
Олардың кім екені анықталғаннан кейін балалар ата-аналарына тапсырылды 30.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-30T12:58+0500
2026-08-30T12:58+0500
2026-08-30T12:58+0500
қарағанды
концерт
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1e/66210799_0:15:1280:735_1920x0_80_0_0_9dc7126bec58a1e106f362adf7b7ce0d.jpg
АЛМАТЫ, 30 тамыз – Sputnik. Қарағандыда Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтті. Әлемге танымал өнер жұлдыздары қатысып, мерекені тамашалауға 250 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды Polisia.kz. Осындай көпшілік қатысқан іс-шарада қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау және жедел қызметтердің жұмысы күшейтілді.Қазақстанда алғаш рет осындай ауқымды бұқаралық іс-шара кезінде мерекелік алаңды төрт секторға бөлу жүйесі қолданылды. Әр сектор полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болды. Секторлар арасында арнайы дәліздер қарастырылып, олар жедел жәрдем, құтқару және басқа да шұғыл қызмет көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етті.Іс-шара аумағында барлық қызметтің жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Оның құрамына полиция және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мерекелік алаңға әуеден бақылау жүргізілді. Төрт ұшқышсыз ұшу аппараты концерт өтіп жатқан аумақ пен оған іргелес учаскелерді үздіксіз бақылауда ұстады. Дрондар арқылы ықтимал қауіпті жағдайлар дер кезінде анықталды.Атап айтқанда, жақын маңдағы тұрғын үйлердің шатырына көтерілген төрт адам анықталды. Полиция қызметкерлері олардың орналасқан жерін жедел анықтап, азаматтарды шатырдан қауіпсіз түсірді. Осылайша, жазатайым оқиғалардың алдын алды.Мерекелік алаңға жақын көшелерде көлік ағынының күрт артуына байланысты жолдағы жағдайды бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеп, көлік ағындарын бақылауда ұстады, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалады.
https://sputnik.kz/20260719/zhezqazganda-metallurg-kunin-toylau-kezinde-35-bala-ata-anasynan-adasyp-qalgan-65037368.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1e/66210799_3:0:1280:958_1920x0_80_0_0_6262b1104f5a21b2b4f362857b8a58f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, концерт
Қарағандыда 250 мың адам жиналған концертте 185 бала адасып қалды
Олардың кім екені анықталғаннан кейін балалар ата-аналарына тапсырылды
АЛМАТЫ, 30 тамыз – Sputnik. Қарағандыда Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтті. Әлемге танымал өнер жұлдыздары қатысып, мерекені тамашалауға 250 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осындай көпшілік қатысқан іс-шарада қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау және жедел қызметтердің жұмысы күшейтілді.
Қазақстанда алғаш рет осындай ауқымды бұқаралық іс-шара кезінде мерекелік алаңды төрт секторға бөлу жүйесі қолданылды. Әр сектор полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болды. Секторлар арасында арнайы дәліздер қарастырылып, олар жедел жәрдем, құтқару және басқа да шұғыл қызмет көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етті.
Іс-шара аумағында барлық қызметтің жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Оның құрамына полиция және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мерекелік алаңға әуеден бақылау жүргізілді. Төрт ұшқышсыз ұшу аппараты концерт өтіп жатқан аумақ пен оған іргелес учаскелерді үздіксіз бақылауда ұстады. Дрондар арқылы ықтимал қауіпті жағдайлар дер кезінде анықталды.
Атап айтқанда, жақын маңдағы тұрғын үйлердің шатырына көтерілген төрт адам анықталды. Полиция қызметкерлері олардың орналасқан жерін жедел анықтап, азаматтарды шатырдан қауіпсіз түсірді. Осылайша, жазатайым оқиғалардың алдын алды.
"Іс-шара барысында халықтың арасынан 185 бала ата-анасынан адасып қалды. Олардың барлығы арнайы ұйымдастырылған орынға жеткізілді. Олардың кім екені анықталғаннан кейін балалар ата-аналарына тапсырылды. Осылайша барлық бала жақындарымен қайта қауышты", — деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Каиров.
Мерекелік алаңға жақын көшелерде көлік ағынының күрт артуына байланысты жолдағы жағдайды бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеп, көлік ағындарын бақылауда ұстады, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалады.