Путин Лукашенконы құттықтады

© POOL / Медиабанкке өтуРабочий визит президента РФ В. Путина в Белоруссию
Рабочий визит президента РФ В. Путина в Белоруссию - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Жазылу
Путин Ресей мен Беларусьтің Еуразия кеңістігіндегі өзара тиімді интеграциялық үдерістерді ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Беларусь басшысы Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Көп жылдар бойы мемлекет басшысы қызметінде аянбай еңбек етіп, бауырлас Беларусьтің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуына және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауға зор үлес қосып келесіз", — делінген Кремльдің сайтында жарияланған құттықтау мәтінінде.
Путин Ресей мен Беларусьтің Еуразия кеңістігіндегі өзара тиімді интеграциялық үдерістерді ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0