Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 30 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 30 тамыз
Күнтізбе -  30 тамыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Жазылу
30 тамыз әлемде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

30 тамызда қандай айтулы оқиға болды?

Бүгін әлемде Халықаралық зорлықпен жоғалғандар құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен зорлықпен жоғалып кеткен адамдардың мәселесіне халықаралық назар аудару мақсатында белгіленген. БҰҰ мәліметінше, мұндай жағдайлар әлемнің әртүрлі өңірлерінде кездеседі және жоғалған адамдардың тағдыры туралы ақпараттың болмауы олардың отбасыларына ауыр зардап әкеледі.
Түркияда ұлттық мереке – Жеңіс күні аталып өтеді. Бұл мереке 1922 жылғы 30 тамызда Думлупынар шайқасында түрік әскерінің жеңіске жетуіне арналған. Аталған жеңіс Түркияның тәуелсіздік үшін күресіндегі шешуші кезеңдердің бірі болды. Жеңіс күні Түркияда жыл сайын мемлекеттік деңгейде тойланады.
Тимор-Лестеде Халықтық кеңесу күні аталып өтеді. Бұл күн 1999 жылғы 30 тамызда елдің болашағына қатысты өткен референдумға арналған. Сол референдумда Тимор-Лесте халқы Индонезия құрамындағы автономиядан бас тартуды таңдады. Кейін бұл шешім елдің тәуелсіздік алуына жол ашты. 30 тамыз Тимор-Лестеде ресми мемлекеттік мереке болып саналады.

30 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1973 жылы Кенияда пілдерді өлтіруге тыйым салынды;
1918 жылы Фанни Каплан Владимир Ленинге шабуыл жасады;
1968 жылы The Beatles тобының Hey Jude атты синглы жарыққа шықты. Аталған ән барлық хит-парадта бірінші орынды иеленген еді;
1983 жылы Гайон Блуфорд ғарышқа ұшқан алғашқы афроамерикалық болды. Ол Space Shuttle Challenger кемесінің STS-8 миссиясы құрамында ғарышқа ұшты;
1991 жылы Әзербайжан жоғарғы кеңесі "Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы" декларация қабылдады;
1993 жылы Париждегі Эйфель мұнарасына 150 миллионыншы адам көтерілді;
2021 жылы АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығаруды аяқтады. АҚШ-тың соңғы әскери ұшағы Кабулдан ұшып, елдегі шамамен 20 жылға созылған әскери операция аяқталды;
2023 жылы Габонда әскери төңкеріс болды. Әскери күштер президент Али Бонгоның қайта сайланғанын жариялағаннан кейін билікті басып алғанын мәлімдеді. Бұл Бонго әулетінің елдегі ондаған жылдық билігінің аяқталуына әкелді.

30 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1871 жылы ядролық физиканың "әкесі" атанған британдық физик Эрнест Резерфорд дүниеге келді;
1920 жылы Жамбыл аймағында телефон байланысы пайда болды. Мұны облыстық мемлекеттік мұрағатта жатқан құжаттар растайды;
1944 жылы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 1944 жылғы 31 шілдедегі № 6279 қаулысына сәйкес, түрік, күрд, хемшилдер Қазақстанға жер аударылды;
1995 жылы Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Құжат 2026 жылдың 15 наурызына дейін қолданыста болды. Бүгінде 30 тамыз бұрынғыдай Конституция күні емес.
1999 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында сазгер Нұрғиса Тілендиев қабірінің басына ескерткіш орнатылды;
2012 жылы Петропавлда қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

30 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1871 жылы ядролық физиканың "әкесі" атанған британиялық физик Эрнест Резерфорд дүниеге келді;
1954 жылы Беларусь Республикасының тұңғыш президенті Александр Лукашенко дүниеге келді;
1960 жылы орыс суретшісі Исаак Левитан дүниеге келді;
1968 жылы ресейлік әнші, "На-На" тобының солисі Вячеслав Жеребкин дүниеге келді;
1972 жылы америкалық актриса әрі модель Камерон Диас дүниеге келді;
1982 жылы америкалық теннисші, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Энди Роддик дүниеге келді;

30 тамызда Қазақстанда кім туды

1902 жылы кеңестік партия және мемлекет қайраткері, қазақ кеңестік партия номенклатурасының негізін қалаушы Жұмабай Шаяхметов дүниеге келді;
1961 жылы мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова дүниеге келді;
1981 жылы "Транстелеком" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Дәурен Пшембаев дүниеге келген.
Күнтізбе -  29 тамыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2026
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 29 тамыз
Жаңалықтар
0