Астанада Түркістан облысының креаторлары 21 млн теңгенің өнімін сатты

© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіАстанада Түркістан облысының креаторлары 21 млн теңгенің өнімін сатты
Астанада Түркістан облысының креаторлары 21 млн теңгенің өнімін сатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Жазылу
Екі күн ішінде жәрмеңкеге 5 200-ге жуық адам барды
АСТАНА, 30 тамыз-Sputnik. Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында үркістан облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды. Көпшілікке кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, ұлттық кілемдер, заманауи дизайнерлік киімдер, ат әбзелдері, домбыра, сондай-ақ киізден, ағаштан және қыштан жасалған бұйымдар, сәндік паннолар, жібек орамалдар, тақиялар, көрпешелер мен сөмкелер сатылды.
"Екі күн ішінде жәрмеңкеге 5 200-ге жуық адам барды. Креаторлар жалпы 21 млн теңгенің өнімін сатты. Іскерлік және мәдени бағдарлама аясында шеберлік сабақтары өтті. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген инновациялық жобалар мен стартаптар таныстырылды", - дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Келушілер үшін сән көрсетілімі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жәрмеңке өңір креаторларына өз туындыларын елорда жұртшылығына танытып қана қоймай, жаңа серіктестер табуға, іскерлік байланыс орнатуға және өз брендтерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
Келесі кезекте Жамбыл облысының креаторлары өз өнімдері мен жобаларын таныстырады.
Түнгі Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-көрме қажет - министр
Жаңалықтар
0