Аида Балаева жаңа депутаттардың пәтерлеріне қатысты сыбысқа пікір білдірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАида Балаева
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Жазылу
Министр жеке басқа тиісу кәсіби журналистке жараспайтынын айтты
АСТАНА, 30 тамыз - Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутаттарына қатысты, оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша түрлі алыпқашпа әңгімелер мен орынсыз пікірлер айтылып, мұның соңы буллингке ұласып бара жатқанын айтты.

"Соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутатына қатысты, оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша түрлі алыпқашпа әңгімелер мен орынсыз пікірлер айтылып, мұның соңы буллингке ұласып бара жатқаны байқалады", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, алғашқы жылдары журналистерге пәтерлер редакциялар ұсынған тізімдер бойынша берілетін. Кейінгі жылдардан бастап бүгінге дейін пәтерлер тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес, меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне ғана беріліп келеді.
Министр кәсіби журналист жұмысының басты өлшемдерінің бірі – журналистік әдепті сақтау. Қудалау, жеке басқа тиісу, айла-шарғы жасау, елең еткізер тақырып үшін әдейі арандату кәсіби журналистке жараспайтынын айтты.
""Масс-медиа туралы" ҚР Заңының 26-бабы 4-тармағының тармақшасына сәйкес, кәсіби әдеп нормаларын сақтау – журналистің міндеті. Мұндай талап әлемнің барлық еліндегі журналистерге қойылады", - делінген хабарламада.
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2026
Вице-премьер көш-қон саласындағы өзгерістерді түсіндірді
Жаңалықтар
0