https://sputnik.kz/20260830/500-myn-tengege-quyrshaq-satqan-qazaqstandyq-politsiya-nazaryna-tusti-66211870.html
500 мың теңгеге қуыршақ сатқан қазақстандық полиция назарына түсті
500 мың теңгеге қуыршақ сатқан қазақстандық полиция назарына түсті
Sputnik Қазақстан
Алматы полициясы күмәнді хабарландыруды тексерді 30.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-30T13:19+0500
2026-08-30T13:19+0500
2026-08-30T13:19+0500
алматы
полиция
хабарландыру
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1e/66211706_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_07c5f2aa10738b6d60e91cccacff350d.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 500 мың теңгеге қуыршақ сатылатыны туралы таралған хабарландыру қолданушылар арасында күмән туғызды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Кейбір желі қолданушылары оның астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған.Осыған байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп, жарияланым авторын анықтады.Полиция мәліметінше, хабарландыруды психоневрологиялық есепте тұрған ер адам жариялаған. Тексеру барысында оның адам саудасына, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы барын растайтын деректер анықталған жоқ.Осылайша, әлеуметтік желіде тараған баланы сату туралы болжам расталмады. Хабарландыруда шын мәнінде қуыршақ сату туралы айтылған.
https://sputnik.kz/20210906/khabarlandyru-sait-aqsha-18050367.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1e/66211706_152:0:1052:675_1920x0_80_0_0_4dc807e3d7e58e736f18f9799f538614.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция, хабарландыру
алматы, полиция, хабарландыру
500 мың теңгеге қуыршақ сатқан қазақстандық полиция назарына түсті
Алматы полициясы күмәнді хабарландыруды тексерді
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 500 мың теңгеге қуыршақ сатылатыны туралы таралған хабарландыру қолданушылар арасында күмән туғызды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кейбір желі қолданушылары оның астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Осыған байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп, жарияланым авторын анықтады.
Полиция мәліметінше, хабарландыруды психоневрологиялық есепте тұрған ер адам жариялаған. Тексеру барысында оның адам саудасына, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы барын растайтын деректер анықталған жоқ.
Осылайша, әлеуметтік желіде тараған баланы сату туралы болжам расталмады. Хабарландыруда шын мәнінде қуыршақ сату туралы айтылған.