"Жақсы дәстүр": министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневГүл
Гүл - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2026
Жазылу
Гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек, деп ескертті ведомствода
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйек - Білім күні ұстаздарға гүл шоғын сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады.
"1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауы тиіс. Ең бастысы гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі", - деп хабарлады министрлікте.
Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек, деп ескертті ведомствода.
"Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс", - деп жазылған ресми хабарламада.
Минитрлікте басты мақсат мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу, балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу екенін еске салды.
Девочка у цветочного магазина - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Алғашқы қоңырау: биыл гүл бағасы қаншалықты қымбаттайды
Жаңалықтар
0