Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Запорожье АЭС-і бір аптадан астам уақыт бойы сыртқы электр қуатынсыз жұмыс істеп тұр

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуЗапорожская АЭС
Запорожская АЭС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2026
Жазылу
Қазір станция апаттық дизель генераторларын пайдаланып отыр
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Запорожье атом электр станциясы бір аптадан астам уақыт бойы сыртқы электр қуатынсыз жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді.
"Запорожье атом электр станциясы сыртқы электрмен жабдықтаусыз қалғанына бір аптадан астам уақыт өтті. Қазіргі уақытта станция ядролық қауіпсіздік пен қорғаудың негізгі функцияларын орындауға қажетті электр қуатын алу үшін апаттық дизель генераторларын пайдаланып отыр", – деп атап өтті Гросси. Оның сөзі МАГАТЭ-ның Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жарияланды.
Осыған байланысты Гросси Запорожье АЭС-ін жеткілікті мөлшерде дизель отынымен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Миссия МАГАТЭ посетила Запорожскую АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
МАГАТЭ Запорожье АЭС-нің резервтік желісіне қосымша зақым келгенін растады
Жаңалықтар
0