https://sputnik.kz/20260829/biyl-adamdardan-meditsinalyq-sanitariyalyq-algashqy-komek-qyzmetine-3-mynga-zhuyq-shagym-tusken-66193778.html
Биыл адамдардан медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметіне 3 мыңға жуық шағым түскен
Биыл адамдардан медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметіне 3 мыңға жуық шағым түскен
Sputnik Қазақстан
Шағым санының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында тіркеліп, 4,3 есе артқан 29.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-29T10:55+0500
2026-08-29T10:55+0500
2026-08-29T11:02+0500
медицина
үкімет
шағым
https://sputnik.kz/img/07ea/08/19/66066733_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_abce80a3524cebb93f3cffd49960005f.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Биыл адамдардан медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметіне 3 мыңға жуық шағым түскен, деп хабарлады үкімет.Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ақмарал Әлназарова медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері жөнінде кеңесте айтты. 2026 жылдың алғашқы жартысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына азаматтар 62 млн рет жүгінген, 2 925 шағым түскенін хабарлады.Шағым санының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында тіркеліп, 4,3 есе артқан. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 2,6 есе, Қарағанды облысында – 2,3 есе, Ақмола облысында – 2,1 есе, ал Астанада екі есе өскен.Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерде тәжірибелі дәрігерлердің, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен арнайы штабтар құру тапсырылды. Олар мемлекеттік және жекеменшік емханалар мен стационарлардың жұмысын жан-жақты зерделеп, шағымдардың түсу себептерін анықтауға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы ұдайы төмен медициналық ұйымдар бойынша нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарындағы, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларындағы жағдайға ерекше назар аудару тапсырылды. Аталған өңірлердің әрқайсысы бойынша төмен көрсеткіштердің себептеріне жеке талдау жасалуы қажет.
https://sputnik.kz/20260731/meditsinalyq-aleumettik-saraptamadan-otudin-elektrondyq-kezegi-engizilip-zhatyr-65372807.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/19/66066733_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_e33ad620baca1bf563c7384a142b5612.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, үкімет, шағым
Биыл адамдардан медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметіне 3 мыңға жуық шағым түскен
10:55 29.08.2026 (жаңартылды: 11:02 29.08.2026) Шағым санының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында тіркеліп, 4,3 есе артқан
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Биыл адамдардан медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметіне 3 мыңға жуық шағым түскен, деп хабарлады үкімет.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ақмарал Әлназарова медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері жөнінде кеңесте айтты.
2026 жылдың алғашқы жартысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына азаматтар 62 млн рет жүгінген, 2 925 шағым түскенін хабарлады.
"Шағымдардың басым бөлігі бейінді мамандарға қолжетімділікке, қабылдауға жазылу мен пациенттерді тиісті мамандарға бағыттауға, медициналық әдептің сақталуына, диспансерлік бақылаудың уақтылы жүргізілуіне және дәрі-дәрмекпен қамтуға қатысты болды", - деді Әлназарова.
Шағым санының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында тіркеліп, 4,3 есе артқан. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 2,6 есе, Қарағанды облысында – 2,3 есе, Ақмола облысында – 2,1 есе, ал Астанада екі есе өскен.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерде тәжірибелі дәрігерлердің, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен арнайы штабтар құру тапсырылды. Олар мемлекеттік және жекеменшік емханалар мен стационарлардың жұмысын жан-жақты зерделеп, шағымдардың түсу себептерін анықтауға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы ұдайы төмен медициналық ұйымдар бойынша нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарындағы, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларындағы жағдайға ерекше назар аудару тапсырылды. Аталған өңірлердің әрқайсысы бойынша төмен көрсеткіштердің себептеріне жеке талдау жасалуы қажет.