Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАуыз су
Ауыз су - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2026
Жазылу
Жобаны іске асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлінді
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды, деп хабарлады Бас прокуратурада.
Жоба Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды.
Жаңа су құбыры Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдарының 1,5 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ 9 әлеуметтік нысанды ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлінді.
Жалпы Батыс Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыруға 17,7 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын 24 нысан пайдалануға берілді.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Қайтарылған активтер: үкімет 500-ден астам жобаны қаржыландыруға шешім қабылдады
Жаңалықтар
0