Астанадағы сауда орталықтарының бірінде жас жігіт пышақ алып жүрген

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2026
Жазылу
Тергеу барысында оның пышақты үйінен алғаны анықталды
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Астанадағы сауда орталықтарының бірінде жас жігіт пышақ алып жүрген.
Оқиғаның видеосы желіде тарады.
Полиция мәліметінше, сауда орталығында ер адамның қолына пышақ ұстап, бутиктерге кіргені туралы хабарлама түскен.
Полицейлер 19 жастағы жігітті анықтап, бөлімшеге жеткізді. Тергеу барысында оның пышақты үйінен алғаны анықталды.
"Оның денсаулығына қатысты мәселелер болды. Жедел жәрдем шақырылып, кейін ол әкесіне тапсырылды", - дейді полицейлер.
Ал сауда орталығының әкімшілігіне қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Алматыда ер адам көшеде пышақ ұстап, іш киіммен жүр - полиция не дейді
Жаңалықтар
0