https://sputnik.kz/20260828/zholaushyny-balagattagan-taksi-zhurgizushige-86-myn-tenge-ayyppul-salyndy-66141112.html
Жолаушыны балағаттаған такси жүргізушіге 86 мың теңге айыппұл салынды
Жолаушыны балағаттаған такси жүргізушіге 86 мың теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар одан жәбірленушінің пайдасына 20 мың теңге моральдық өтемақы өндірілді 28.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-28T08:00+0500
2026-08-28T08:00+0500
2026-08-28T08:00+0500
такси жүргізушісі
жолаушы
айыппұл
https://sputnik.kz/img/1146/76/11467604_0:0:3154:1774_1920x0_80_0_0_f6fd99fcf0f7a4439d3fedb0c7739e68.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында Сарысу аудандық соты WhatsApp арқылы жолаушыны балағаттаған такси жүргізушіге қатысты қылмыстық істі қарады.2025 жылдың ақпанында такси жүргізушісі М. жәбірленушінің анасының көзінше оған ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан.Сотта ер адамның кінәсі тараптардың жауаптарымен және сот-психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысымен дәлелденді.Сотталушы өз кінәсін мойындап, ашумен ауыр сөздер айтқанын жасырмады. Ол өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.Жәбірленуші М.-ны қатаң жазалауды және моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді сұраған.Сот сотталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған балалары бар екенін, қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасағанын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар болған жоқ.Сот үкімімен азамат М. кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар одан жәбірленушінің пайдасына 20 мың теңге моральдық өтемақы өндірілді.Сот үкімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260818/astanada-taksi-zhurgizushisine-balagat-soz-aytqan-er-adam-qamauga-alyndy-65793813.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1146/76/11467604_211:0:2942:2048_1920x0_80_0_0_c581dce7184b11720cf39f099bffda71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси жүргізушісі, жолаушы, айыппұл
такси жүргізушісі, жолаушы, айыппұл
Жолаушыны балағаттаған такси жүргізушіге 86 мың теңге айыппұл салынды
Сонымен қатар одан жәбірленушінің пайдасына 20 мың теңге моральдық өтемақы өндірілді
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында Сарысу аудандық соты WhatsApp арқылы жолаушыны балағаттаған такси жүргізушіге қатысты қылмыстық істі қарады.
2025 жылдың ақпанында такси жүргізушісі М. жәбірленушінің анасының көзінше оған ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан.
"Арада бір жыл өткен соң олардың арасында тағы да жанжал шыққан. Жәбірленуші такси іздейтіні туралы хабарландыру жариялаған. Осыдан кейін М. оған WhatsApp арқылы бірнеше рет қоңырау шалған. Жәбірленуші жүргізушіге бұдан былай өзімен байланыспауын талап етіп, дауыстық хабарлама жіберген. Алайда жауап ретінде М. дөрекі әрі қорлайтын сөздер жазылған аудиохабарлама жолдаған", - деп жазылған хабарламада.
Сотта ер адамның кінәсі тараптардың жауаптарымен және сот-психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысымен дәлелденді.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, ашумен ауыр сөздер айтқанын жасырмады. Ол өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.
Жәбірленуші М.-ны қатаң жазалауды және моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді сұраған.
Сот сотталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған балалары бар екенін, қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасағанын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар болған жоқ.
Сот үкімімен азамат М. кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар одан жәбірленушінің пайдасына 20 мың теңге моральдық өтемақы өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.