Вице-президенттің кандидатурасы қашан жарияланады

© Пресс-служба президента КазахстанаПервая сессия Курултая первого созыва
Первая сессия Курултая первого созыва - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Президент вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізеді
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президенттің кандидатурасын қашан жариялайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ата заңға сәйкес, үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
"Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін",-деді Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында.
Содан кейін президент депутаттармен ақылдасып, үкімет мүшелерін тағайындайды.
"Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын. Құрылтай мен үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын", - деп атап өтті Тоқаев.
"Қыркүйектің екінші жартысында Халық кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган",-деді Тоқаев.
Оның айтуынша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институты жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді.
Айбек Дадебай - руководитель партии Әділет (Справедливость) - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды
Жаңалықтар
0