Шекарадағы көлік кептелісі: Қазақстан мен Ресей мәселені талқылады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуГраница между Кыргызстаном и Казахстаном
Граница между Кыргызстаном и Казахстаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы 30 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жоспарланған
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысындағы "Әлімбет" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан мен Ресейдің көлік және шекара ведомстволарының өкілдері кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы көлік қатынасын дамыту, мемлекеттік шекара арқылы өткізу мүмкіндігін арттыру және шекара инфрақұрылымын жетілдіру мәселелерін талқылады.
"Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде көлік кептелісін азайту және көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тараптар сондай-ақ өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру және мемлекеттік шекарадан өту рәсімдерін жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастырды", – деп хабарлады министрлік.
Кездесуде ақпараттық жүйелерді интеграциялау және көлік рәсімдерін цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жалпы, Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы 30 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жоспарланған.
Қазіргі уақытта олардың үшеуінде – "Әлімбет – Орск", "Сырым – Маштаково" және "Қосақ – Павловка" өткізу пункттерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды биыл жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Қалған өткізу пункттеріндегі жұмыстарды аяқтау 2027 жылға жоспарланған.
Жаңалықтар
0