Құрылтайда 8 комитеттің басшылары сайланды
16:56 28.08.2026 (жаңартылды: 16:57 28.08.2026)
Жазылу
Конституция бойынша Құрылтайда сегізден артық комитет құруға болмайды
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Құрылтай депутаттары 8 комитеттің басшыларын сайлап алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Конституция бойынша Құрылтайда сегізден артық комитет құруға болмайды. Бүгін депутаттар 8 комитетті құрды. Комитет басшыларын да сайлап алды.
Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Серік Егізбаев;
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің басшысы Үнзила Шапақ;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қожаев;
Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің төрағасы Әмірбек Оспанбеков;
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы Асхат Аймағамбетов;
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина;
Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің басшысы Дархан Ахмедиев;
Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы Наталья Годунова;
Ал басқа депутаттар осы комитеттерге мүше болып кірді. Комитет мүшелерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.
Айта кетері, бүгін "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Оның ұсынысымен төрағаның үш орынбасары да тағайындалды.

