"Қайрат" футбол командасының Конференция лигасы жалпы кезеңіндегі қарсыластары анықталды

© championat.com"Қайрат" - "Реал" ойыны
Қайрат - Реал ойыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Жалпы кезең 15 қазанда басталады, ал соңғы, алтыншы раунд 17 желтоқсанда өтеді
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Монакода УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің жеребесі өтіп, Алматының "Қайрат" футбол командасының қарсыластары анықталды.
Қазақстандық клуб "Панатинаикос" (Қазақстанда), "Аталанта" (қонақта), "Университатя Крайова" (Қазақстанда), "Твенте" (қонақта), "Мьельбю" (Қазақстанда) және "Рига" (қонақта) командаларымен кездеседі.
Жалпы кезең 15 қазанда басталады, ал соңғы, алтыншы раунд 17 желтоқсанда өтеді.
Бұл "Қайраттың" Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші ойыны. Алматылық клуб бұл кезеңде 2021/22 маусымында алғаш рет ойнады.
"Қайрат" ағымдағы маусымды Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Рафаэль Уразбахтиннің командасы черногориялық "Сутьеска" мен кипрлік "Омонияны" жеңді де, үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық "Левскиден" жеңілді. Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде қайраттықтар бельгиялық "Андерлехттен" жеңіліп, Конференция лигасында қалды.
Кайрат  обыграл черногорскую Сутьёску  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
"Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында жеңіске жетті
Жаңалықтар
0