Непалдағы жойқын су тасқыны: тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр

© REUTERS Navesh ChitrakarПоследствия селевого потока в Непале
Последствия селевого потока в Непале  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Непалдағы табиғи апаттан кейін Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның екі азаматын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген СІМ хабарламасында.
Бұған дейін олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткені анықталған болатын.
Министрлік жоғалған адамдардың туыстарымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.
Непалдағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Қазақстан азаматы Непалдан Қытайға өткеннен кейін жоғалып кетті – СІМ
Жаңалықтар
0