https://sputnik.kz/20260828/germaniya-kantsleri-euroodaq-byudzhetin-qysqartuga-shaqyrdy-66158716.html
Германия канцлері Еуроодақ бюджетін қысқартуға шақырды
Германия канцлері Еуроодақ бюджетін қысқартуға шақырды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі ұсыныс шығысты 60%-ға дейін арттыруды көздейді 28.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-28T08:53+0500
2026-08-28T08:53+0500
2026-08-28T08:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/1129/66/11296696_0:0:3119:1754_1920x0_80_0_0_ef249d58cf2321aa8f92f0b48ec218e7.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Еурокомиссияның Еуроодақтың жаңа жетіжылдық бюджетіне қатысты ұсынысы шынайы жағдайдан алшақ, ал шығысты 60%-ға арттыру жоспары мүше мемлекеттер үшін тым ауыр, деп мәлімдеді Германия канцлері Фридрих Мерц.Бейсенбі күні Мерцтің шақыруымен Дания, Нидерланд, Австрия, Швеция және Финляндия басшылары Берлинде кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша олар Еуроодақтың 2028-2034 жылдарға арналған жаңа көпжылдық бюджетін жүздеген миллиард еуроға қысқартуды қолдап, бірлескен мәлімдеме жасады.Мерц Еуроодақ бюджеті елдерге қаржылық тұрғыдан ауыртпалық түсірмейтіндей көлемде болуы керек екенін атап өтті. Осыған байланысты, оның айтуынша, бірқатар еуропалық ел ЕО бюджетінің жобасын бірнеше жүз миллиард еуроға қысқартуды талап етіп отыр.Мерцтің айтуынша, Берлиндегі кездесуге қатысқан бес ел Еуроодақ бюджетінің шамамен 40%-ын қаржыландырады. Сонымен қатар бұл елдер ЕО-ның Украинаға көрсететін екіжақты көмегінің 70%-ын қамтамасыз етеді."Біз сараң емеспіз, бірақ комиссия ұсынып отырған қаражатты бөлу тәртібі қазіргі заман талабына мүлдем сәйкес келмейді. Біз егемен әрі қуатты Еуропа туралы түсінігімізге сай келетін еуропалық бюджетті қалаймыз", – деп толықтырды Германия канцлері.
https://sputnik.kz/20260806/ukraina-tort-zhylda-syrttan-shamamen-200-mlrd-dollar-qarzhy-aldy-65511889.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1129/66/11296696_165:0:2894:2047_1920x0_80_0_0_279cc4ccd9e4913941979d9af26e8fd1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Германия канцлері Еуроодақ бюджетін қысқартуға шақырды
Қазіргі ұсыныс шығысты 60%-ға дейін арттыруды көздейді
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Еурокомиссияның Еуроодақтың жаңа жетіжылдық бюджетіне қатысты ұсынысы шынайы жағдайдан алшақ, ал шығысты 60%-ға арттыру жоспары мүше мемлекеттер үшін тым ауыр, деп мәлімдеді Германия канцлері Фридрих Мерц.
Бейсенбі күні Мерцтің шақыруымен Дания, Нидерланд, Австрия, Швеция және Финляндия басшылары Берлинде кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша олар Еуроодақтың 2028-2034 жылдарға арналған жаңа көпжылдық бюджетін жүздеген миллиард еуроға қысқартуды қолдап, бірлескен мәлімдеме жасады.
"Қазіргі ұсыныс шығысты 60%-ға дейін арттыруды көздейді. Қазір барлық мүше мемлекет бюджет шығынын қысқартуға тырысып жатқан кезде, мұндай шығынды көтеру мүмкін емес", – деді Мерц Берлиндегі баспасөз мәслихатында. Трансляцияны Phoenix телеарнасы көрсетті.
Мерц Еуроодақ бюджеті елдерге қаржылық тұрғыдан ауыртпалық түсірмейтіндей көлемде болуы керек екенін атап өтті. Осыған байланысты, оның айтуынша, бірқатар еуропалық ел ЕО бюджетінің жобасын бірнеше жүз миллиард еуроға қысқартуды талап етіп отыр.
"Бұл топта біз бір пікірдеміз: ұсынысты бірнеше жүз миллиард еуроға қысқарту қажет. Бұл қысқартулар барлық саланы қамтуы тиіс", – деді Мерц.
Мерцтің айтуынша, Берлиндегі кездесуге қатысқан бес ел Еуроодақ бюджетінің шамамен 40%-ын қаржыландырады. Сонымен қатар бұл елдер ЕО-ның Украинаға көрсететін екіжақты көмегінің 70%-ын қамтамасыз етеді.
"Біз сараң емеспіз, бірақ комиссия ұсынып отырған қаражатты бөлу тәртібі қазіргі заман талабына мүлдем сәйкес келмейді. Біз егемен әрі қуатты Еуропа туралы түсінігімізге сай келетін еуропалық бюджетті қалаймыз", – деп толықтырды Германия канцлері.