Фармацевтикалық өндіріс үш жылда 37%-ға өсті

Лекарства - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Фармацевтикалық өндірістерді салу және кеңейту бойынша сегіз ірі жоба жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Кейінгі үш жылда қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың өндіріс көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті, деп хабарлады үкімет.
Оң динамика 2026 жылы да жалғасып жатыр: бірінші жартыжылдықта 126,6 млрд теңгенің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық.
"Қазақстанда 200-ден астам фармацевтикалық және медициналық өнім өндіруші жұмыс істейді Оның ішінде 43-і дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын. Отандық өнімнің үлесі заттай түрде 40,3%-ға жетті", - деп жазылған хабарламада.
Фармацевтика өнеркәсібіне инвестициялар 2025 жылы 56%-ға өсіп, $142,8 млн-ға жетті.
Жалпы құны 391,3 млрд теңге болатын фармацевтикалық өндірістерді салу және кеңейту бойынша сегіз ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оларды іске қосу онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 494-тен астам дәрілік заттарды шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жаңа кәсіпорындар Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Қарағанды облыстарында пайда болмақ. 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.
Емхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Цифрлық таңбалау нәтижесінде заңсыз саудадағы 21 мыңнан астам дәрі-дәрмек анықталды
Жаңалықтар
0