сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Айбек Дәдебай өз орынбасарларын ұсынды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚұрылтай шақырылымы
Құрылтай шақырылымы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Заң бойынша төрағаның үш орынбасары сайланады
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өз орынбасарларын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң бойынша төрағаның үш орынбасары сайланады. Олардың кандидатурасын спикердің өзі ұсынады.
Айбек Дәдебай үш адамды ұсынды. Олар - Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева мен Динара Зәкиева. Депутаттар барлық кандидатты бірауыздан қолдады.
Айта кетері, төраға орынбасарларының екеуі - Нұрлан Бекназаров мен Динара Зәкиева "Әділет" партиясынан депутат болып сайланған. Ал Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясының төрағасы.
Айбек Дадебай - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Құрылтай төрағасы сайланды
Жаңалықтар
0