https://sputnik.kz/20260828/almaty-oblysynda-er-adam-qomaqty-somaga-nesie-rasimdep-aqshany-alayaqtarga-audara-zhazdady-66191564.html
Алматы облысында ер адам қомақты сомаға несие рәсімдеп, ақшаны алаяқтарға аудара жаздады
Алматы облысында ер адам қомақты сомаға несие рәсімдеп, ақшаны алаяқтарға аудара жаздады
Sputnik Қазақстан
Полицейлермен кездескен кезде де ол белгісіз адамдарға сенуді жалғастырып, полиция қызметкерлері мен өз ұлының сөздеріне құлақ аспаған 28.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-28T22:53+0500
2026-08-28T22:53+0500
2026-08-28T22:53+0500
алматы
алаяқтық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/933/63/9336345_0:372:2881:1993_1920x0_80_0_0_2473bbc4a36ec4034cad0fe71d20a1b2.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Алматы облысының киберполиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның интернет-алаяқтықтың құрбаны болуына жол бермеді, деп хабарлайды Polisia.kz.Ер адам алаяқтардың күшті психологиялық ықпалында болған. Олардың нұсқауы бойынша ол жақындарынан жасырынған, қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан және бірнеше банктен жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеуге әрекет жасаған.Ер адамның өзі өндірістік база аумағынан анықталды. Полицейлермен кездескен кезде де ол белгісіз адамдарға сенуді жалғастырып, полиция қызметкерлері мен өз ұлының сөздеріне құлақ аспаған. Тек алаяқтарға 13 млн теңгеден астам қаражатты беріп қоя жаздағанын түсінгеннен кейін ғана болған жағдайдың мәнін ұққан.Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бір тәулік ішінде осы жүйенің көмегімен Алматы облысында осындай 13 интернет-алаяқтық фактісінің алдын алынды.Полиция белгісіз адамдар сізден әңгімені жақындарыңыздан жасыруды, несие рәсімдеуді, ақша аударуды немесе қандай да бір қосымша орнатуды талап етсе, қарым-қатынасты дереу тоқтатуды ескертеді. Банкке немесе полицияға өзіңіз хабарласу керек.
https://sputnik.kz/20260726/qostanay-turgyny-alayaqtarga-15-mln-tengesin-berip-zhibere-zhazdady-65214154.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/933/63/9336345_150:0:2881:2048_1920x0_80_0_0_7f2adeef1c8eeec422f86df8573e1261.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, алаяқтық, қылмыс
Алматы облысында ер адам қомақты сомаға несие рәсімдеп, ақшаны алаяқтарға аудара жаздады
Полицейлермен кездескен кезде де ол белгісіз адамдарға сенуді жалғастырып, полиция қызметкерлері мен өз ұлының сөздеріне құлақ аспаған
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Алматы облысының киберполиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның интернет-алаяқтықтың құрбаны болуына жол бермеді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Ер адам алаяқтардың күшті психологиялық ықпалында болған. Олардың нұсқауы бойынша ол жақындарынан жасырынған, қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан және бірнеше банктен жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеуге әрекет жасаған.
"Алаяқтық қоңырауларды анықтайтын арнайы жүйе арқылы күдікті белсенділік туралы сигнал түскен. Полицейлер ер адамның жұбайы мен балаларын тауып, болған жағдай туралы ескерткен. Туыстары бірден банктерге хабарласып, нәтижесінде несиелерді рәсімдеуге жол берілмеді", - дейді полицияда.
Ер адамның өзі өндірістік база аумағынан анықталды. Полицейлермен кездескен кезде де ол белгісіз адамдарға сенуді жалғастырып, полиция қызметкерлері мен өз ұлының сөздеріне құлақ аспаған. Тек алаяқтарға 13 млн теңгеден астам қаражатты беріп қоя жаздағанын түсінгеннен кейін ғана болған жағдайдың мәнін ұққан.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бір тәулік ішінде осы жүйенің көмегімен Алматы облысында осындай 13 интернет-алаяқтық фактісінің алдын алынды.
Полиция белгісіз адамдар сізден әңгімені жақындарыңыздан жасыруды, несие рәсімдеуді, ақша аударуды немесе қандай да бір қосымша орнатуды талап етсе, қарым-қатынасты дереу тоқтатуды ескертеді. Банкке немесе полицияға өзіңіз хабарласу керек.