Тоқаев Сицзандағы селден адамдардың қаза болуына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

© AP Photo / Niranjan ShresthaНепалдағы су тасқыны
Непалдағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Жазылу
Президент жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестігін білдірді
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестігін білдірді.
Непал мен Тибет шекарасында жойқын су тасқыны болды.
Табиғат апатынан қөз жұмғандардың саны 300-ден асып, мыңнан астам адам із-түссіз жоғалғандар есебінде тұр.
Непалдағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Қазақстан азаматы Непалдан Қытайға өткеннен кейін жоғалып кетті – СІМ
Жаңалықтар
0