сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын тіркеді

© Photo : Пресс-служба Центральной избирательной комиссииЦИК Казахстана зарегистрировал депутатов Курултая
ЦИК Казахстана зарегистрировал депутатов Курултая  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Жазылу
Әбдіров Құрылтай депутаттарына куәлігі мен төсбелгісін табыстады
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары тіркелді. Іс-шараға Құрылтайдың сайланған барлық депутаты қатысты.
Бес саяси партиядан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының 145 депутатын тіркеуді көздейтін қаулы жобалары әзірленді. Осыған байланысты:
"Әділет" партиясынан - 110 депутат,
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан - 8,
"Ауыл" партиясынан - 10,
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясынан – 8,
"Respublica" партиясынан - 9 депутат тіркелді.
Іс-шара соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутаттарына куәлігі мен төсбелгісін табыстады.
Здание партии Адилет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
"Әділет" партиясы депутаттық мандат алған кандидаттардың тізімін жариялады
Жаңалықтар
0