Ердоған Тоқаевты биыл Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі бірқатар кездесуге шақырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан мен Түркия президенттері
Қазақстан мен Түркия президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Жазылу
Тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Телефон арқылы әңгімелесу кезінде Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Түркия президенті аталған тарихи уақиға еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендеуіне септігін тигізеді деп санайды. Бұл ретте ол парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебіз білдіргені, сондай-ақ халықаралық ұйымдар құрамындағы түркиялық байқаушылар миссиясының белсенділігі үшін Түрік көшбасшысына алғыс айтты.
"Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар озық, заманауи әрі әділетті Қазақстан құруға бағытталғанына назар аударды. Әңгімелесу барысында мызғымас достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына оң баға берілді", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентінің биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызына тоқталды.
Тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі бірқатар кездесуге шақыруын ықыласпен қабыл алды.
Касым-Жомарт Токаев и  Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Тоқаев пен Ердоған Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарын талқылады
Жаңалықтар
0