https://sputnik.kz/20260827/bir-qolymmen-maltydym-qaragandyda-13-zhastagy-zhasospirim-balany-azhaldan-qutqardy-66136899.html
"Бір қолыммен малтыдым": Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім баланы ажалдан құтқарды
"Бір қолыммен малтыдым": Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім баланы ажалдан құтқарды
Sputnik Қазақстан
Құтқарылған баланың ата-анасы Нұралыны қонаққа шақырып, бағалы сыйлық тарту еткен 27.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-27T10:24+0500
2026-08-27T10:24+0500
2026-08-27T11:26+0500
қарағанды
құтқару
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1b/66133208_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_4d4c649748e476c454f17f606a52a04d.jpg
АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Қарағанды қаласының 13 жастағы тұрғыны Нұралы Әлхан 4 жасар баланы ажалдан аман алып қалды. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Нұралының өзі айтып берді.Нұралы Әлхан Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көліне демалуға барған.Сол сәтте Нұралы інісі екеуі көл жағасында балық аулап отырған. Баланың отырған матрацын Нұралының інісі байқап қалып, ағасына айтқан.Бала отырған матрац жағадан алыстап кеткен. Нұралы сол сәтте қорықпағанын, баланы құтқару керек екенін ойлағанын айтады.Екі бала өмір үшін жанталасып, жағаға қарай жылжи берген. Сол сәтте үрлемелі шармен 20 жастағы жігіт келіп, балаларды алып жағаға жүзіп шыққан.Суға тұншыққан бүлдіршіннің денесі көгеріп, құсқан. Кейін оған қажетті көмек көрсетілген.Құтқарылған баланың ата-анасы Нұралыны қонаққа шақырып, бағалы сыйлық тарту еткен.Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Нұралыны "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттап, оған велосипед сыйлады.
https://sputnik.kz/20260802/mangystauda-urlemeli-shenberde-otyrgan-boyzhetkendi-agys-alyp-ketti-65404751.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1b/66133208_206:0:1166:720_1920x0_80_0_0_02a8b645cd1c6ad24796c9ae9eb1ca77.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
қарағанды, құтқару
"Бір қолыммен малтыдым": Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім баланы ажалдан құтқарды
10:24 27.08.2026 (жаңартылды: 11:26 27.08.2026) Құтқарылған баланың ата-анасы Нұралыны қонаққа шақырып, бағалы сыйлық тарту еткен
АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Қарағанды қаласының 13 жастағы тұрғыны Нұралы Әлхан 4 жасар баланы ажалдан аман алып қалды. Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне Нұралының өзі айтып берді.
Нұралы Әлхан Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көліне демалуға барған.
"Отбасылық достарымызбен демалуға барғанбыз. Сол маңда басқа да демалып жүрген отбасы болды. Балалары үрлемелі матрацқа мініп, көлде жүзіп жүрген. Кейін үлкендеу балалар судан шығып кетіп, 4 жасар бала матраста жалғыз қалған. Жел матрацты көлдің ортасына қарай алып кеткен", – дейді Нұралының анасы Самал Әбдірахманова.
Сол сәтте Нұралы інісі екеуі көл жағасында балық аулап отырған. Баланың отырған матрацын Нұралының інісі байқап қалып, ағасына айтқан.
"Нұралы көзілдірік тағады. Алдымен матрац қана деп ойлаған. Көзілдірігін тағып қараса, үстінде бала отырғанын көрген. Содан жалма-жан құтқаруға кіріскен", – дейді анасы.
Бала отырған матрац жағадан алыстап кеткен. Нұралы сол сәтте қорықпағанын, баланы құтқару керек екенін ойлағанын айтады.
"Мен матрацты жағаға алып шығамыз деп ойладым. Жүзіп барып, жақындап қалғанымда матрац толқып кетіп, бала суға құлап кетті. Ол бір-екі рет талпынды да, су астына батып кетті. Мен жанталасып баланы судың бетіне алып шықтым. Бірақ бала менің үстіме жатып алғандықтан, салмағын көтере алмай, бір қолыммен малтыдым", – дейді Нұралы Әлхан.
Екі бала өмір үшін жанталасып, жағаға қарай жылжи берген. Сол сәтте үрлемелі шармен 20 жастағы жігіт келіп, балаларды алып жағаға жүзіп шыққан.
Суға тұншыққан бүлдіршіннің денесі көгеріп, құсқан. Кейін оған қажетті көмек көрсетілген.
Құтқарылған баланың ата-анасы Нұралыны қонаққа шақырып, бағалы сыйлық тарту еткен.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Нұралыны "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттап, оған велосипед сыйлады.