Абай облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebЖол апаты белгісі
Жол апаты белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Жазылу
Қайғылы оқиға 26 тамызда сағат шамамен 15:30-да болған
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Абай облысының Семей–Курчатов тас жолында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Chevrolet Nexia және Kia Rio маркалы екі автокөліктері соқтығысқан.
Қайғылы оқиға 26 тамызда сағат шамамен 15:30-да болған.
"Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан "Газель" көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, сол жерде Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан", - дейді полицияда.
Салдарынан көлік жүргізушілері мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүріп жатыр.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2026
"Бетон қоршауға соғылған": Алматыдағы жол апаты видеокамераға түсіп қалды
Жаңалықтар
0