Жүргізушілердің шағымынан кейін бензин сапасы тәуелсіз зертханада тексерілді

© Sputnik / Владислав ВодневСотрудник автозаправки на рабочем месте в вечернюю смену
Сотрудник автозаправки на рабочем месте в вечернюю смену - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жазылу
АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин сапасы талапқа сай – Павлодар мұнай-химия зауыты
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілетін АИ-95 және АИ-98 бензиндерінің сапасы тәуелсіз зертханада тексеріліп, тиісті стандарттарға сәйкестігі расталды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
"2026 жылғы 25 тамызда автомобиль бензинінің арбитражды сынамалары SGS Kazakhstan тәуелсіз зертханасында талданды. Зерттеу нәтижесінде бензин сапасының МЕМСТ 32513 талаптарына сәйкес келетіні анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Зауыттың мәліметінше, АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин Кеден одағының КО ТР 013/2011 техникалық регламенті мен МЕМСТ 32513-2013 стандартының талаптарына сай келеді.
Айта кетері, арбитражды сынама әрбір жөнелтілетін мұнай өнімінің партиясынан алынады. Сынамалар пломбаланып, арнайы қоймада 45 тәулік сақталады. Олар мұнай өнімінің сапасына қатысты дау туындаған жағдайда қайта тексеру үшін пайдаланылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін жүргізушілер жанармай құйғаннан кейін көліктерінде ақаулар пайда болғанын айтып, шағымданған болатын.
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Қырғызстан Қазақстаннан бензин сұрады - министрлік не дейді
Жаңалықтар
0