https://sputnik.kz/20260826/zhastardyn-sany-bir-zhylda-69-mynga-kobeydi-66053740.html
Жастардың саны бір жылда 69 мыңға көбейді
Жастардың саны бір жылда 69 мыңға көбейді
Sputnik Қазақстан
Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары арқылы 283,4 мың жас өз баспанасына қол жеткізді 26.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-26T08:00+0500
2026-08-26T08:00+0500
2026-08-26T08:00+0500
жастар
жастар саясаты
баспана
жалдамалы баспана
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52377364_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_dd6fab6f75606acadcd356664f36754b.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың басында Қазақстандағы жастар саны 5,89 млн адамға жетіп, бір жылда 69,4 мың адамға немесе 1,2%-ға артты, деп хабарлады Energyprom.kz.Ал олардың жалпы халық санындағы үлесі өзгерген жоқ – 28,7%. Қазақстандағы жастар саныЖас ерлердің саны 3,01 млн адамды құрады, бұл 2025 жылдың басындағы көрсеткіштен 38,6 мың адамға немесе 1,3%-ға көп. Олардың еліміздегі барлық ерлер арасындағы үлесі 30% деңгейінде сақталды.Жас әйелдердің саны 30,8 мың адамға немесе 1,1%-ға артып, 2,88 млн адамға жетті. Олардың елдегі барлық әйелдер арасындағы үлесі де өзгеріссіз қалды – 27,5%.Қазақстанда жастар үшін аса маңызды мәселелердің бірі – баспана, сондықтан Отбасы банк жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында "Жас отбасы", "Жас ғалымдарға арналған бағдарлама", "Дипломмен – ауылға" және өңірлік жастар бағдарламалары бар."Алматы жастары" бағдарламасыОсындай алғашқы бағдарлама "Алматы жастары" болды. 2026 жылы бағдарламаның жүзеге асырылып жатқанына он жыл толады. Осы уақыт ішінде оның ауқымы едәуір кеңейді: алғашқы жылы небәрі 100 адам қарыз алса, 2025 жылы "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 2 276 қарыз берілді. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы 8 326 жас алматылық баспаналы болды. Жуырда өтінім қабылдау бойынша кезекті кезең аяқталды. Сондай-ақ "Атырау қала жастары" өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады деп жоспарланып отыр.Өңірлік бағдарламалардың шарттарыӨңірлік бағдарламалардың шарттары қарапайым:Бастапқы және қайталама нарықтан пәтер сатып алуға болады. Жастарға арналған бағдарламалар Қазақстанның барлық өңірін қамтиды (Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарынан басқа). Осы бағдарламалардың арқасында 12 480 жас отбасы баспанамен қамтылды. Тек 2025 жылдың өзінде жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары бойынша 3 605 қарыз берілді.Осы және басқа да бағдарламалардың арқасында 35 жасқа дейінгі 283,4 мың адам өз баспанасына қол жеткізді.Жастар үлесі жоғары өңірлер2026 жылдың басында халық құрамындағы жастардың ең жоғары үлесі Шымкентте (31,6%), Астанада (31,5%), Түркістан облысында (31,4%) және Алматыда (31,1%) тіркелді. Облыстар арасында Маңғыстауда (29,8%), Қызылордада (29,5%), Атырау және Жамбылда (әрқайсысында 29,4%) жастардың үлесі жоғары болды. Ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан (23,4%), Солтүстік Қазақстан (24,4%) және Абай (24,8%) облыстарында тіркелді.
https://sputnik.kz/20250812/elimizge-zhauapkershilikten-qashpaytyn-zhanashyl-zhastar-qazhet---toqaev-56318615.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52377364_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_1cf5fec6703da776ebf55aa0071e13f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, жастар саясаты, баспана, жалдамалы баспана
жастар, жастар саясаты, баспана, жалдамалы баспана
Жастардың саны бір жылда 69 мыңға көбейді
Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары арқылы 283,4 мың жас өз баспанасына қол жеткізді
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың басында Қазақстандағы жастар саны 5,89 млн адамға жетіп, бір жылда 69,4 мың адамға немесе 1,2%-ға артты, деп хабарлады
Energyprom.kz. Ал олардың жалпы халық санындағы үлесі өзгерген жоқ – 28,7%.
Қазақстандағы жастар саны
Жас ерлердің саны 3,01 млн адамды құрады, бұл 2025 жылдың басындағы көрсеткіштен 38,6 мың адамға немесе 1,3%-ға көп. Олардың еліміздегі барлық ерлер арасындағы үлесі 30% деңгейінде сақталды.
Жас әйелдердің саны 30,8 мың адамға немесе 1,1%-ға артып, 2,88 млн адамға жетті. Олардың елдегі барлық әйелдер арасындағы үлесі де өзгеріссіз қалды – 27,5%.
"Қалада тұратын жастардың саны бір жылда 91,4 мың адамға немесе 2,5%-ға артып, 3,76 млн адамға жетті. Олардың қала халқының жалпы санындағы үлесі 28,7% деңгейінде қалды. Ал ауылдық жерлерде, керісінше, жастар саны 22 мың адамға немесе 1%-ға азайып, 2,13 млн адамды құрады",- деп жазды портал.
Қазақстанда жастар үшін аса маңызды мәселелердің бірі – баспана, сондықтан Отбасы банк жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында "Жас отбасы", "Жас ғалымдарға арналған бағдарлама", "Дипломмен – ауылға" және өңірлік жастар бағдарламалары бар.
"Алматы жастары" бағдарламасы
Осындай алғашқы бағдарлама "Алматы жастары" болды. 2026 жылы бағдарламаның жүзеге асырылып жатқанына он жыл толады. Осы уақыт ішінде оның ауқымы едәуір кеңейді: алғашқы жылы небәрі 100 адам қарыз алса, 2025 жылы "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 2 276 қарыз берілді. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы 8 326 жас алматылық баспаналы болды. Жуырда өтінім қабылдау бойынша кезекті кезең аяқталды. Сондай-ақ "Атырау қала жастары" өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады деп жоспарланып отыр.
Өңірлік бағдарламалардың шарттары
Өңірлік бағдарламалардың шарттары қарапайым:
кредит мөлшерлемесі 5%-дан (СЖТМ — 5,2%-дан 5,7%-ға дейін) басталады.
Бастапқы және қайталама нарықтан пәтер сатып алуға болады. Жастарға арналған бағдарламалар Қазақстанның барлық өңірін қамтиды (Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарынан басқа). Осы бағдарламалардың арқасында 12 480 жас отбасы баспанамен қамтылды. Тек 2025 жылдың өзінде жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары бойынша 3 605 қарыз берілді.
Осы және басқа да бағдарламалардың арқасында 35 жасқа дейінгі 283,4 мың адам өз баспанасына қол жеткізді.
Жастар үлесі жоғары өңірлер
2026 жылдың басында халық құрамындағы жастардың ең жоғары үлесі Шымкентте (31,6%), Астанада (31,5%), Түркістан облысында (31,4%) және Алматыда (31,1%) тіркелді. Облыстар арасында Маңғыстауда (29,8%), Қызылордада (29,5%), Атырау және Жамбылда (әрқайсысында 29,4%) жастардың үлесі жоғары болды. Ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан (23,4%), Солтүстік Қазақстан (24,4%) және Абай (24,8%) облыстарында тіркелді.