Қарағандыда 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды

© Photo : ДЧС ВКОАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жазылу
Ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары топырақ астында қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлады ведомствоның хабарламасында.
"Кеше Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде 2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалған", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан зардап шеккен азаматты шығарып алды.
Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Павлодар облысында ер адамды топырақ үйіндісі басып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
Павлодар облысында ер адамды топырақ үйіндісі басып қалды
Жаңалықтар
0