https://sputnik.kz/20260826/euroodaq-ukrainany-qoldaudyn-zhana-bagdarlamasy-boyynsha-usynystaryn-zhariyalady-66107424.html
Еуроодақ Украинаны қолдаудың жаңа бағдарламасы бойынша ұсыныстарын жариялады
Еуроодақ Украинаны қолдаудың жаңа бағдарламасы бойынша ұсыныстарын жариялады
Sputnik Қазақстан
Еуроодақтың қазіргі жоспары бойынша Украинаға 90 миллиард еуро несие беру көзделген 26.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-26T16:35+0500
2026-08-26T16:35+0500
2026-08-26T16:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64257793_0:124:3203:1925_1920x0_80_0_0_f08d4da6e8e39c5fd31d59d4da5720fe.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Еуропалық комиссия Украинаны қолдаудың жаңа бағдарламасына 100 миллиард еуро қосуды ұсынып отыр, деп мәлімдеді Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта.Еуроодақтың қазіргі жоспары бойынша Украинаға 90 миллиард еуро несие беру көзделген, оның ішінде 2026 және 2027 жылдары шамамен 45 миллиард еуродан бөлінеді. Биылғы қаражаттың 28,3 миллиард еуросы қорғаныс қажеттіліктеріне, тағы 17 миллиард еуросы бюджетті қолдауға арналған.Қорғанысқа бөлінген қаражаттың ішінде Еуропалық комиссия әзірге шамамен 22 миллиард еуроға бағаланған сатып алу тізімдерін бекітті, оның 8,5 миллиард еуросы Украинаға аударылды.Ресей Батыс елдерінің Киевке қаржылық және әскери қолдауын бірнеше рет сынға алды. Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты ұзартып, оны шешуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260825/euroodaq-kievke-2027-zhylga-arnalgan-nesienin-bir-boligin-merziminen-buryn-berui-mumkin-66086167.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64257793_236:0:2965:2047_1920x0_80_0_0_9aad9ca6770f6b3a2230ef75122c20d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ Украинаны қолдаудың жаңа бағдарламасы бойынша ұсыныстарын жариялады
16:35 26.08.2026 (жаңартылды: 16:38 26.08.2026) Еуроодақтың қазіргі жоспары бойынша Украинаға 90 миллиард еуро несие беру көзделген
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Еуропалық комиссия Украинаны қолдаудың жаңа бағдарламасына 100 миллиард еуро қосуды ұсынып отыр, деп мәлімдеді Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта.
"Еуроодақтың жаңа бюджеті мәселесі қазіргі уақытта ұйымға мүше мемлекеттермен талқыланып жатыр. Бірақ Еуропалық комиссияның ұсынысына Украинамен 100 миллиард еуроға дейінгі жаңа ынтымақтастық бағдарламасы кіреді", - деді Кошта Укринформ агенттігіне берген сұхбатында.
Еуроодақтың қазіргі жоспары бойынша Украинаға 90 миллиард еуро несие беру көзделген, оның ішінде 2026 және 2027 жылдары шамамен 45 миллиард еуродан бөлінеді. Биылғы қаражаттың 28,3 миллиард еуросы қорғаныс қажеттіліктеріне, тағы 17 миллиард еуросы бюджетті қолдауға арналған.
Қорғанысқа бөлінген қаражаттың ішінде Еуропалық комиссия әзірге шамамен 22 миллиард еуроға бағаланған сатып алу тізімдерін бекітті, оның 8,5 миллиард еуросы Украинаға аударылды.
Ресей Батыс елдерінің Киевке қаржылық және әскери қолдауын бірнеше рет сынға алды. Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты ұзартып, оны шешуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.