https://sputnik.kz/20260826/eski-kolikterdin-vin-kodyn-bergen-almatyda-qylmystyq-toptyn-17-mushesi-sottaldy-66092782.html
"Ескі көліктердің VIN-кодын берген": Алматыда қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды
"Ескі көліктердің VIN-кодын берген": Алматыда қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды
Sputnik Қазақстан
Заңсыз схемаға полицейлер, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері және жеке нотариустар қатысқан 26.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-26T10:36+0500
2026-08-26T10:36+0500
2026-08-26T11:25+0500
алматы
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44684863_0:86:1616:995_1920x0_80_0_0_09f022432ccba719d7d69845dace7925.jpg
АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық топ екі жыл ішінде көліктерді тіркеу және кәдеге жарату алымдарын төлемеу арқылы 6,6 млрд теңге көлемінде табыс тапқан.Бастапқыда 642 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Кейін қылмыстық топ жеңіл көліктерді де заңсыз тіркеу арқылы пайда тапқан. Ол үшін Қазақстанға заңсыз әкелінген көліктерге ескі көліктердің VIN-кодтары берілген. Осылайша, 209 жеңіл көлік бойынша тіркеу және кәдеге жарату алымдары төленбеген.Тергеу барысында көлік иелері алғашқы тіркеу алымдарын өз еркімен төлеп, нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.Сот қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысына рөлі мен қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Сонымен қатар сот үкімімен сотталғандардың қылмыстық жолмен тапқан қаражатына сатып алған бес автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.Бұрынғы төрт полиция қызметкері арнайы атақтарынан айырылды. Ал нотариустарға нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салынды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20241015/qaragandy-oblysynda-mamandandyrylgan-khqko-nyn-buryngy-basshysy-men-onyn-orynbasary-ustaldy-47844438.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44684863_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_42b8c36d4e2b32543eae5d89baedb24a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қылмыстық топ
"Ескі көліктердің VIN-кодын берген": Алматыда қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды
10:36 26.08.2026 (жаңартылды: 11:25 26.08.2026) Заңсыз схемаға полицейлер, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері және жеке нотариустар қатысқан
АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық топ екі жыл ішінде көліктерді тіркеу және кәдеге жарату алымдарын төлемеу арқылы 6,6 млрд теңге көлемінде табыс тапқан.
Бастапқыда 642 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Кейін қылмыстық топ жеңіл көліктерді де заңсыз тіркеу арқылы пайда тапқан. Ол үшін Қазақстанға заңсыз әкелінген көліктерге ескі көліктердің VIN-кодтары берілген. Осылайша, 209 жеңіл көлік бойынша тіркеу және кәдеге жарату алымдары төленбеген.
"Заңсыз схемаға полиция қызметкерлері, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері және жеке нотариустар қатысқан. Олар ақпараттық жүйелерге жалған мәліметтер енгізіп, жалған тұлғалардың атына сенімхаттар рәсімдеген", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында көлік иелері алғашқы тіркеу алымдарын өз еркімен төлеп, нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Сот қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысына рөлі мен қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар сот үкімімен сотталғандардың қылмыстық жолмен тапқан қаражатына сатып алған бес автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
Бұрынғы төрт полиция қызметкері арнайы атақтарынан айырылды. Ал нотариустарға нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.