сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

"Ауыл" партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлерді бекітті

© Партия "Ауыл""Ауыл" партиясының съезі
Ауыл партиясының съезі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жазылу
Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша "Ауыл" партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. "Ауыл" партиясы Құрылтайдың депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімін бекітті.
"Жаңа құрамға агрономдар, ветеринария мамандары, ғалымдар, биотехнология саласының сарапшылары, сондай-ақ мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат және инклюзия саласының мамандары енді", - деп жазылған хабарламада.
Партия Жарғысына сәйкес мына кандидаттардың тізімі бекітілді:
1.
Айтуғанов Қайрат
2.
Байманов Шахмардан
3.
Бегалиева Захира
4.
Егізбаев Серік
5.
Иргибаев Мұрат
6.
Каджибекова Ажар
7.
Киян Владимир
8.
Мұхаметов Алмас
9.
Райханова Динара
10.
Тоқсеитова Рабиға
Партияда хабарлағандай, депутаттар өңірлерді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, білім мен ғылым, отбасы мен жастарды қолдау және экология бағыттарындағы бастамаларды ілгерілетуге күш салады. Сонымен қатар партия құрамды жаңарту және кадрлық әлеуетті күшейту жұмысын жалғастырады.
Еске салайық, 23 тамыздағы Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша "Ауыл" партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болды.
Жаңалықтар
0