Жылыту мауысымында көмір жеткізу жұмысын жасанды интеллект бақылайды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Жазылу
Жүйеде көмір өндіруші кәсіпорындар, теміржол тасымалдаушылары, көмір тұйығы операторы мен тұтынушылар туралы мәліметтер бар
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жасанды интеллектінің алдағы жылыту маусымы кезінде көмір жеткізуге қалай көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде өңірлерді көмірдің қажетті көлемімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай цифрлық платформа әзірленді. Оған жасанды интеллект және предиктивтік талдау элементтері де енгізілген. Жүйеде көмір өндіруші кәсіпорындар, теміржол тасымалдаушылары, көмір тұйығы операторы мен тұтынушылар туралы мәліметтер бар.
"Платформа нақты уақыт режимінде көмірдің өндіруден және жөнелтуден бастап халық пен коммуналдық-тұрмыстық секторға жеткізілуіне дейінгі барлық кезеңдегі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ тапшылық тәуекелдері мен бекітілген кестелерден ауытқуларды автоматты түрде анықтайды", - деді Ақкенженов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, бүгінде елді газдандыру шараларына байланысты көмір тұтынатын үйлердің саны азайып келеді. Мәселен, алдағы жылыту маусымында халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірге деген қажеттілігі 7,3 млн тоннаны құрайды, былтыр бұл көрсеткіш 8,3 млн тонна болған.
Ерлан Ақкенженов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Жарықтың жаппай өшуінен кейін қандай шаралар қолға алынды
Жаңалықтар
0