https://sputnik.kz/20260825/ukimet-ush-zhyldyq-ekonomikalyq-damu-bolzhamyn-bekitti--negizgi-korsetkishter-66066037.html
Үкімет үш жылдық экономикалық даму болжамын бекітті – негізгі көрсеткіштер
Үкімет үш жылдық экономикалық даму болжамын бекітті – негізгі көрсеткіштер
Sputnik Қазақстан
Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028–2029 жылдары әр жылға 1,5 трлн теңгеден нысаналы трансферт қарастырылған 25.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-25T10:31+0500
2026-08-25T10:31+0500
2026-08-25T10:32+0500
үкімет
экономика
болжам
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_100:93:2932:1686_1920x0_80_0_0_8eef928026b038f1186e2cd9ef681b2a.jpg
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Министрлер кабинеті 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Инфляция қандай боладыБолжамға сәйкес, алдағы үш жылда жалпы ішкі өнімнің орташа өсімі 5 пайызды құрайды. Инфляцияның болжамды дәлізі 2027 жылы 7,5–9,5 пайыз, ал 2028–2029 жылдары 6–8 пайыз деңгейінде болады.Республикалық бюджеттің кірістері:Республикалық бюджеттің шығыстары:Кепілдендірілген трансферт көлемі 2027–2028 жылдары 2 трлн 430 млрд теңге, ал 2029 жылы 2 трлн теңге көлемінде айқындалып отыр.Ұлттық қордың ақшасы қаншаға өседіБазалық сценарий бойынша Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі артады:Ал қорға түсетін таза түсімдер 2027 жылы 0,5 трлн теңге, 2028 жылы 1,4 трлн теңге және 2029 жылы 2 трлн теңге мөлшерінде болжанып отыр.Ұлттық қордың валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд АҚШ долларынан 2029 жылы 70,6 млрд АҚШ долларына дейін өседі деген болжам бар.
https://sputnik.kz/20260825/qazaqstan-ekonomikasy-aldagy-ush-zhylda-5-dan-zhogary-osedi--ukimet-bolzhamy-66065242.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_468:69:2624:1686_1920x0_80_0_0_b6f3603d3d840723d105e5ad7b7d50ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, экономика, болжам
үкімет, экономика, болжам
Үкімет үш жылдық экономикалық даму болжамын бекітті – негізгі көрсеткіштер
10:31 25.08.2026 (жаңартылды: 10:32 25.08.2026) Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028–2029 жылдары әр жылға 1,5 трлн теңгеден нысаналы трансферт қарастырылған
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Министрлер кабинеті 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы үш жылда жалпы ішкі өнімнің орташа өсімі 5 пайызды құрайды. Инфляцияның болжамды дәлізі 2027 жылы 7,5–9,5 пайыз, ал 2028–2029 жылдары 6–8 пайыз деңгейінде болады.
Республикалық бюджеттің кірістері:
2027 жылы – 19,9 трлн теңге;
2028 жылы – 21,7 трлн теңге;
2029 жылы – 23,4 трлн теңге.
Республикалық бюджеттің шығыстары:
2027 жылы – 30,2 трлн теңге;
2028 жылы – 29,4 трлн теңге;
2029 жылы – 29,6 трлн теңге.
Кепілдендірілген трансферт көлемі 2027–2028 жылдары 2 трлн 430 млрд теңге, ал 2029 жылы 2 трлн теңге көлемінде айқындалып отыр.
"Бұдан бөлек, аса маңызды нысандар мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028–2029 жылдары әр жылға 1,5 трлн теңгеден нысаналы трансферт қарастырылған", – деді вице-премьер Серік Жұманғарин.
Ұлттық қордың ақшасы қаншаға өседі
Базалық сценарий бойынша Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі артады:
2027 жылы – 5,1 трлн теңге;
2028 жылы – 5,5 трлн теңге;
2029 жылы – 5,7 трлн теңге.
Ал қорға түсетін таза түсімдер 2027 жылы 0,5 трлн теңге, 2028 жылы 1,4 трлн теңге және 2029 жылы 2 трлн теңге мөлшерінде болжанып отыр.
Ұлттық қордың валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд АҚШ долларынан 2029 жылы 70,6 млрд АҚШ долларына дейін өседі деген болжам бар.