https://sputnik.kz/20260825/toqaev-aqsh-kongresi-okilder-palatasynyn-delegatsiyasyn-qabyldady-66084550.html
Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
Sputnik Қазақстан
Президент Конгресс мүшелерін еліміздің жалпыхалықтық қолдауға ие болған жаңа Конституциясындағы негізгі аспектілермен таныстырды 25.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-25T21:01+0500
2026-08-25T21:01+0500
2026-08-25T21:01+0500
президент
ақш
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/08/19/66084338_0:45:1280:765_1920x0_80_0_0_8910a769d72b6dad47d8d1bece35c210.jpg
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы меймандарға олардың бір палаталы Құрылтай сайлауымен тұспа-тұс өтіп жатқан сапарының символдық мәніне назар аударып, америкалық делегацияға елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мәлімет берді.Президент Конгресс мүшелерін еліміздің жалпыхалықтық қолдауға ие болған жаңа Конституциясындағы негізгі аспектілермен таныстырды.Сонымен қатар мемлекет басшысы сан қырлы қазақ-америка серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын айтып, президент Дональд Трамппен конструктивті әрі сенімді диалогтың арқасында екі елдің қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгенін мәлімдеді.Америкалық делегацияны бастап келген конгрессмен Джейсон Смит арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, АҚШ президентінің сәлемін жеткізді.Ол Тоқаевпен кездесер алдында Трамппен телефон арқылы сөйлескенін айтты.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Майамиге жоспарланған алдағы сапары Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікке тың серпін беретініне сенім білдірді.
https://sputnik.kz/20260824/toqaev-shet-memleketterdin-basshylaryna-algys-aytty-66054441.html
ақш
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/19/66084338_100:0:1180:810_1920x0_80_0_0_f1714977aafdd590e4bd653c7aac5dd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ақш, қазақстан
президент, ақш, қазақстан
Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
Президент Конгресс мүшелерін еліміздің жалпыхалықтық қолдауға ие болған жаңа Конституциясындағы негізгі аспектілермен таныстырды
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы меймандарға олардың бір палаталы Құрылтай сайлауымен тұспа-тұс өтіп жатқан сапарының символдық мәніне назар аударып, америкалық делегацияға елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мәлімет берді.
Президент Конгресс мүшелерін еліміздің жалпыхалықтық қолдауға ие болған жаңа Конституциясындағы негізгі аспектілермен таныстырды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы сан қырлы қазақ-америка серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын айтып, президент Дональд Трамппен конструктивті әрі сенімді диалогтың арқасында екі елдің қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгенін мәлімдеді.
Америкалық делегацияны бастап келген конгрессмен Джейсон Смит арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, АҚШ президентінің сәлемін жеткізді.
Ол Тоқаевпен кездесер алдында Трамппен телефон арқылы сөйлескенін айтты.
"Президент Сізді G20 саммитіне қатысу үшін Майамиде күтетінін айтты. Біздің сапарымыздың бір мақсаты – Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін зерделеу. Біз екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолында мазмұнды диалог өрбітуге бейілміз. Президентіміз бұған айрықша маңыз артып отыр", – деді Джейсон Смит.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Майамиге жоспарланған алдағы сапары Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікке тың серпін беретініне сенім білдірді.