Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28,35 трлн теңгеге жетті

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Жазылу
18,89 млн зейнетақы шоты ашылған
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинағы өскенін хабарлады.
2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағының көлемі 28,35 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 14%-ға, яғни 3,50 трлн теңгеге өскен.
"Зейнетақы жинағының негізгі бөлігін міндетті зейнетақы жарналары құрайды. 1 тамызда олардың көлемі 26,31 трлн теңгеге жетіп, 12 айда 2,69 трлн теңгеге немесе 11,4%-ға өсті", - деп жазылған хабарламада.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақ көлемі 751,56 млрд теңгеден асты. Соңғы 12 айда бұл көрсеткіш 6,6%-ға өскен.
Сонымен қатар ерікті зейнетақы жарналары есебінен де жинақ көлемі артты. 1 тамызда оның көлемі 10,41 млрд теңгені құрап, бір жылда 14,9%-ға өскен.
БЖЗҚ мәліметінше, қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге 435,20 млрд теңге зейнетақы жинағын алған.
Мұрагерлік бойынша 63,06 млрд теңге, Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 28,13 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға 2,05 млрд теңге, жерлеуге 5,56 млрд теңге төленген. Ал сақтандыру ұйымдарына 378,56 млрд теңге аударылған.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 18,89 млн болды. Бір жыл ішінде олардың саны 6,3%-ға артқан.
Зейнетақы жинағын толығымен аударуға мүмкіндік болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Зейнетақы жинағын толығымен аударуға мүмкіндік болады
Жаңалықтар
0